SecureTech

Қауіпсіздік жүйелерін жобалау - білікті де білімді мамандарды талап ететін күрделі үрдіс. Үрдіс мыналарды қамтиды:

  • Техникалық тапсырмаларды дайындау                                                         
  • Инженерлік жобалау                                                                                                  
  • Жобалау-сметалық құжаттамасын мемлекеттік бақылау органдары сараптамасынан өткізу және келісу. 

Техникалық тапсырманы дайындау кезеңінде біздің менеджерлер тапсырыс берушімен бірлесіп ықтимал қауіп-қатер факторларын талдайды және  қауіпсіздік жүйесі мен инфрақұрылымды жобалау бойынша техникалық тапсырмаға арналған бастапқы деректерді дайындауға қатысады.

Тапсырмаларды егжей-тегжейлі дайындау - күрделі техникалық міндет, ол тапсырыс берушінің қалауынан басқа да  нормативтік ведомстволық талаптарды ескеруге тиісті. Сол кездің өзінде біз өзіміздің  жоғары білікті инженерлеріміздің көмегін ұсынамыз.

Техникалық тапсырманың сауаттылығына қарай алдағы уақытта  жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеудің мерзімі мен сапасы, монтаждаудың ойластырылуы мен қауіпсіздік жүйесін пайдалану байланысты болады.

Техникалық тапсырма бекітілгеннен кейін жобалау тобы қадағалау сатыларында келісілетін қауіпсіздік жүйесі жұмысының жобасын орындайды. Жүйенің функционалдығы жеке жобаланады және әрбір қауіпсіздік жүйесінің шешімімен бірегей болып табылады.